пятница, 12 октября 2007 г.

Қазақ жастарын қандай күш біріктіруі мүмкін?

Бүкіл қазақ жастарын білім біріктіреді дейін десем,
білім 14 пен 29 жас аралығындағы мектепте және
ЖОО-да оқитын жастарды ғана біріктіре алады,
ал бізде жалпы орта мектепті бітіріп не оқуын
бітіріп жұмыс істеп жатқан жастар қаншама? Демек, білім жастарды толыққанды біріктіреді деп айту қиын.
Ал, өнер біріктіреді десек, өнер – Алланың ерекше

құдіретімен адам атаулысына берілетін қасиет.
4,5 млн.-ға жуықтайтын жастардың барлығы дерлік өнерлі дегенге сену қиын. Олай болса, барлық жастарды өнер де біріктіре алмайды екен.
Жастарды әлеуметік жағдай біріктіруі мүмкін деуге тағы да болмайды. Себебі, жастардың әлеуметтік жағдайы әр түрлі. Біреуі жағдайы жақсы отбасыдан шықса, енді біреуі студент, енді біреуі ата-ансыз, өзге біреуі мүмкіндігі шектеулі. Мінекей, әлеуметтік жағдай қазақ жастарын түбегейлі біріктіре алмайды екен.
Сонымен, қазақ жастарын қандай күш берік әрі мығым етіп біріктіруі мүмкін? Менің ойымша, барша жасты иман, дін біріктіруі керек. Барды да, жоқты да теңестіретін ислам дінінде барлық адам ештеңеге қарамастан бір-бірімен тең. Барі де бір Алланың құлы. Сондықтан да дін - ең негізгі біріктіруші күш, әрі тәрбие құралы.