пятница, 12 октября 2007 г.

Қазақ жастарын қандай күш біріктіруі мүмкін?

Бүкіл қазақ жастарын білім біріктіреді дейін десем,
білім 14 пен 29 жас аралығындағы мектепте және
ЖОО-да оқитын жастарды ғана біріктіре алады,
ал бізде жалпы орта мектепті бітіріп не оқуын
бітіріп жұмыс істеп жатқан жастар қаншама? Демек, білім жастарды толыққанды біріктіреді деп айту қиын.
Ал, өнер біріктіреді десек, өнер – Алланың ерекше

құдіретімен адам атаулысына берілетін қасиет.
4,5 млн.-ға жуықтайтын жастардың барлығы дерлік өнерлі дегенге сену қиын. Олай болса, барлық жастарды өнер де біріктіре алмайды екен.
Жастарды әлеуметік жағдай біріктіруі мүмкін деуге тағы да болмайды. Себебі, жастардың әлеуметтік жағдайы әр түрлі. Біреуі жағдайы жақсы отбасыдан шықса, енді біреуі студент, енді біреуі ата-ансыз, өзге біреуі мүмкіндігі шектеулі. Мінекей, әлеуметтік жағдай қазақ жастарын түбегейлі біріктіре алмайды екен.
Сонымен, қазақ жастарын қандай күш берік әрі мығым етіп біріктіруі мүмкін? Менің ойымша, барша жасты иман, дін біріктіруі керек. Барды да, жоқты да теңестіретін ислам дінінде барлық адам ештеңеге қарамастан бір-бірімен тең. Барі де бір Алланың құлы. Сондықтан да дін - ең негізгі біріктіруші күш, әрі тәрбие құралы.

8 комментариев:

Ray of sunshine комментирует...

Durys karyndasym. Din kazak jastaryn gana emes, barlyk kazaktyn basyn biriktirushi!

Barlyk musylmandardy bir birine bauyr kylgan - Din!

BAKHA

Unknown комментирует...

Келісемін

Бақытнұр комментирует...

Sizdin blogynyz Massagan.com Qazaq blogshylary degen jerge kosyldy.

Kandai bir suragynyz bolsa habarlasynyz

Daure6 комментирует...

http://mangystau-aisa.blogspot.com

Galiya комментирует...

Salem Aisaule!Qurban ait mubarak bolsyn!!!Zharatushymyzdyn sheksiz rizalygyna bolenuine tilektespin!Blogyna kiruge endi gana mumkindik alsam da pikir qaldyrudy zhon dep taptym.Zhazganynmen tolyqtai kelisemin.Budan bylai da Zharatushymyz qazaq zhastayna tastai berik iman, mamyqtai zhymsak zhurek, temirden qatty tozim bersin dep tileiik

Serzha комментирует...

қазақ жастарын ештеңе де біріктіре алмайды. біз ондай халық емеспіз, бірігетіндей. қазақ өте пассивті халық. бұрында құршыншы дейтін еді. енді құдай қаласа дейді. әжессс кілең.
дін қалай біріктіреді? ол керісінше басқа діндегілерден, басқа ұлттардан, дінсіздерден алшақтатады ғо. солай емес пе?

Анонимный комментирует...

Тегін қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар http://free.ucoz.kz/

Анонимный комментирует...

http://topreferat.blogspot.com/ – Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар