пятница, 17 августа 2007 г.

Бала – бауыр етің...

Бала – бауыр етің әрі болашағың, яғни өсіріп жатқан бәйтерегің. Бірақ, оны дұрыс тәрбиелемесең, тікенек боп қадала кетеді. Көптеген жас ата-аналардың: «Біз жаман бол деген жокпыз,керісінше адам бол деп өсірдік, бірақ баламыздың қалай осындай тәрбиесіз боп шыққанын білмей қалдық,» - деген пікірін естіп қаламын. Не себепті солай боп жатады?
Бәлкім, сіздің ішін жалтыратып ашып, кіндігін көрсетіп,
көрімдік сұрап, етегін ашып жүрген қыздар мен келіншектерді көре-көре көзіңіз талған болар?! Мінекей, бұзық бала қайдан шығады? Кіндікке түрлі адамның көзі түседі, оның ішінде ниеті дұрыс адам да бар, арам пиғылды пенде де бар дегендей...Сол көзқарас арқылы жаман энергия жиналады. Оған қоса, Ислам әлемінде де: « Қуысты ібіліс мекендемес үшін таза ұстау керектігін,» - ескертеді емес пе?! Ал, сіз бен біз бала ана жатырында жатқанда анасымен тікелей кіндік арқылы байланысатынын беске білеміз ғой (Еске түспесе, «Тәнтану» оқулығын бір қарап шыққан жөн). Олай болса, жас күнінде кіндігіне ібілісті ұялатып, бала өсе келе оның теріс қылықтарының қайдан пайда болғанын білмей дал болмай-ақ қойыңыз, болашақ ана! Ал, болашақ әкелер жанұяға адал ас тауып әкелуге ұмтылуы керек, себебі ұрлық-қарлық, біреуді алдап-арбаумен, қорқытып-үркітумен, яки арам жолмен келген ас ана сүті арқылы балаға барады. Осыдан-ақ баланың қандай болып өсері айқындалады ғой. Жарларың ибалы, астарың адал болсын, достар!

1 комментарий:

Bahytgul комментирует...

Мен де қыздар өсіріп отырмын.Кейбір кезде ойланып қаламын,таңертеңнен кешке дейін,ананы сөйт,мынаны олай жасама,осыны үйрен деп,тәуір-ақ балаларымның ығысын шығарып жүр ме екенмін деп.*Қыға қырық жерден тиым* дегенді енді түсінетін сияқтымын.Арманым;осы екі құлыным, заманына сай жан-жақты білімді,бастаған ісіне тиянақты,үй жұмысына бейім,инабатты болып,өмірде өз жолдарын тапса,менен бақытты ана болар ма екен?