пятница, 3 августа 2007 г.

Бақыт қайда барады?

Жақында бір қызық түс көрдім. Әрине, түс – ғайып. Десек те, Ислам әлемінде: « Көрген түсіңнің жақсылығын Алладан тілеу керек,» - деп жатады.
…Түсімде аппақ әдемі құс иығыма келіп қонып жатыр екен. Мен оның «Бақыт құсы» екенін тани кеттім. Ертегіден естіген киелі құспен тілдесіп қалғым келді. Бірақ, бар-жоғы екі-ақ сұрақ қойып үлгердім:
- Бақыт, қайдан келесіз?
- Ынтымағы жоқ,
Зомбылығы көп,
Ұлы ұлықсыз,
Қызы қылықсыз,
Қарттары сыйсыз,
Жастары үйсіз,
Балалары сатулы,
Қабақтары қатулы,
Анасы - араққор,
Әкесі – нашақор,
Өз тілі шықпаған,
Өзге дін қаптаған,
Көршісі арам,
Астары харам,
Әлдісі жекірген,
Әлсізі секірген,
Бауыры тас,
Туысы қас,
Шендісі ойсыз,
Халқы тойсыз елден келемін.
- Сонда қайда барасыз, бақыт?
- Бірлігі баянды,
Ата-анасы аяулы,
Ұлы ұлағатты,
Қызы инабатты,
Жастары жалынды,
Қарттары бағулы,
Шағымы аз,
Көңілі жаз,
Көршісі қадірлі,
Елі сабырлы,
Игілігі көп,
Сөздері дөп,
Ұстазы асыл,
Жақсылығы басым,
Білімді бағалайтын,
Өнерді жағалайтын,
Көңілдері күйлі,
Оралманы үйлі,
Шенеунігі саналы,
Салт-дәстүрі бағалы елге барамын, - дей бергенде ұйқымнан оянып кеттім. Ояндым да сан алуан ойға баттым. «Бақыт құсы», яки киелі құс біздің елден келеді ме екен, әлде біздің елге келе жатыр ма екен?

4 комментария:

Қазақия комментирует...

Көрген түстің жақсылығын Алладан тілейік. Жақсылыққа жориық, біздікі бақыт қонған ел болар!

Alma комментирует...

Айдай болган Айсаулем сол!
Кадамын кутты болсын! Оз сауленмен ойыннын ен тунгиыгындагы молдир ойларды шыгарып, копшиликпен болисе бер!
Ал бакыт кусы Сиз бен Биздин Атамекенге карай бой тузер деп умиттенемин. Енди сол жайлы тус коргенинди тилейик! :))

Берік комментирует...

сол құстың біздің жаққа бет алуын Алла нәсіп етсін!
блогың құтты болсын Айсәуле!

Анонимный комментирует...

Я порекомендую всем, кто ищет бизнес-ссуду, мистеру Бенджамину, который помог мне с ссудой в четыре миллиона долларов, чтобы начать свой бизнес, и это было быстро. Когда они получали ссуду, было удивительно, насколько легко с ними было работать. Процесс был быстрым и безопасным. это был определенно положительный опыт. избегайте мошенников здесь и связались с мистером Бенджамином. 247officedept@gmail.com. whatsapp ... + 19893943740. если вы ищете бизнес-кредит.