пятница, 17 августа 2007 г.

«Сайлау» спектакліне дайындық аяқталды!

Сайлаудың өткен жылдардағы сайқымазақ кейпі кішкене болса да жөнделгендей. Бұрын-соңды оппозициялық партиялардың сайлау алды жарнамалары бүкіл телеарналардан сан мәрте қайталанбақ түгілі, партия және оның мүшелері туралы жан-жағыңызға жақсылап қарап алып барып сөз бастайтын едіңіз. Бүгінде әлдеқайда ашық науқан жүріп жатыр. Спектакльге дайындық кеше түнгі 12-де біткен болатын. Бұл аралықта «Нұр-Отан» ел аралап, аты шулы әншілермен ел-жұртты, ауыл-аймақты тербелтіп қайтты. Сайлау келе қалса, ауыл концертке қарық болып қалады емес пе?! Дәл сол сәтте ауылда болмағаным өкінішті-ақ. Ал, «Ақ жолға» келер болсам, бұл партияның бір-екі концертін көрген болатынмын. Меніңше, жаһандану үрдісіндегі концерт болды, бірақ соңына қарай 70-80 жылдардағы әндермен апа-аталарды баурап алды. Елдің сағынып қалғаны айдан анық екен. ЖСДП-ға келер болсақ, бұл партияның қолдаушылары үгіт қағаздарын өте белсенді таратты, яғни пикет жұмыстары жақсы жүрді. Басқа партиялардың іс-әрекетін тек теледидар, жаңалықтар арқылы ғана біліп отырдым десем де болады. Тағы бір ескере кететін жағдай, егер оқу кезеңі болса, бүкіл студент аты алашқа әйгілі «Нұр-Отан» партиясының күлімен шығып, отымен кіріп жүрер еді-ау… Бірақ, сол кезеңнің сұрқия саясаттың әсерімен студенттер қауымына қайғы сыйламағанына өзгені қайдам, өзім қатты қуандым.
P.S. Көптеген адамдардың пікірлері: « «Нұр-Отан» қалайда жеңеді ғой, мен басқаға беремін,»- дегеннің аясына тоғысады. Осындай ойдағы адамдар көбейіп, ертең «көке-партиядан» басқасы алға шығып кетсе қызық болар еді?!

2 комментария:

Анонимный комментирует...

...«Сайлау» спектаклі...
Енді бұндай спектакль көрмейікші.
Жүрек айнитын спектакль болды бұл сайлау. Нәтижелері тіптен сорақы. Менің туыстарым, жұмыстастарым және достарымның 99,99 пайызы Нұр-Отаннан басқа партияларға берген, ал нәтиже бәріңізге белгілі ғой!

Shabolio комментирует...

Baqdarlamasi Kazakka jakin bir partiya bar edi. Ak-Jol. Soni da partiyanin basindaqi Alixan Baymenov mirza partiyasindaqi udartsev siyakti jeksurunderdi jinaqan Maksut Narikbayev mirza men birlesip sol partiyanin barsha jeksurunderdi saylaw tizimine kirgizip Xalik Ruxi jokta alatin dawistardin 20%ni joqaltip 4-5%pen majlen bolip kalqan. Bul ne degen sumdik? Oyimsha munin tek kinalisi - Baymenov mirza.